News:

Ақмолада мемқызметшілердің жұмыс күні «Пара алма» деген ескертуден басталады

14.01.2020

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат — Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бастамасы бойынша Көкшетау қаласы әкімі аппаратында мемлекеттік қызметшілердің жұмыс компьютерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қалқымалы хабарлама пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Об этом сообщает http://infoportal24.org

Мемлекеттік аппараттың әрбір қызметкері компьютерінің жұмыс үстелінде орнатылған «Пара алма, пара берме» сыбайлас жемқорлыққа қарсы ескертпелер сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша тағы бір шара болады.




«Біз мемлекеттік қызмет борышын өтеп жүрген әрбір адам өз жұмыс күнін бастамас бұрын, компьютерді қосқан уақытта сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша хабарламаны көргенін және әрдайым парасатты, сатылмайтын және адал қызметші болу керектігін есіне түсіргіміз келеді», — дейді департаменттің алдын алу және парасат басқармасының басшысы Бақытжан Әмірханов.

Қалалық әкімдікте қабылданған осындай тәжірибені алдағы уақытта өңірдің барлық мемлекеттік органдарына енгізу жоспарланып отыр. Айта кету керек, 20-секундтық қалқымалы ескерту әкімдік қызметкерлерінің ғана емес, Көкшетау қаласы әкімінің де компьютеріне орнатылған.



Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/akmolada-memkyzmetshilerdin-zhumys-kuni-para-alma-degen-eskertuden-bastalady_a3603408”

біржа Аграрний фонд нулевая технология No-till «Лабораторія No-till 2020» Медицинский корпус День соборности трагедия в Бердянске супермарке пташиний грип хромбук chromebook   Сенцов   Берлинале оплата Сюмар  свобода слова  дезинформация  податкова реформа автотуризм автопутешествие Christian Dior Свідки Єгови Новосад Анна нелегальні мігранти Николай Латанский Джеруй Деловой партнер Трампа Тевфик Ариф превратил яхту Ататюрка в бордель Криминальный авторитет Юрий Ериняк он же Юра “Молдован” Хелемский Геннадий Шевченко Кирилл Николя Саркози погряз в благодарности Патоха Шодиева Олейник Святослав: стать днепровским губернатором или подследственным? ЧАСТЬ 2 военкомат Медицинская мафия устроила разборки из-за почек смертельно больных Александр Дубровин: Воровать по-новому климатические активисты Международная организация труда рынок труда Давос форум

Редакция